Аксессуарлар

BMW Motorrad арнайы аксессуарлары сіздің BMW-ның даралығына ерекше назар аудартады.

BMW мотоциклдері толық әрлеуімен және жинақтамасымен жеткізіледі, бірақ BMW Motorrad үшін мотоцикл иесіне BMW Motorrad дилерлерінің түпнұсқа аксессуарларын пайдаланып өз машинасын даралауға мүмкіндік беру әрқашан маңызды болды. Мұндай аксессуарларды көлік иесінің талабы бойынша дилер орнатылады. Ассортимент BMW мотоциклдерінің иелері сияқты алуан түрлі және эргономика мен жайлылыққа арналған интеллектуалды шешімдерді, заттарды сақтайтын жүйелерді, пайдаланылған газ шығару жүйелерін және әртүрлі қауіпсіздік шешімдерін қамтиды. Мұнда әркім өзінің меншік BMW-сы үшін керектісін таба алады.

 

Мотоцикл жабдығы

 

BMW Motorrad әрқашан мотоциклдерін дараландыру мүмкіндігімен танымал болған. Сақтау жүйелері, спорттық дыбыс бәсеңдеткіштер, орағытқылар, арнайы аяқ тірегіштер, дизайнерлік бөлшектер, максималды жайлылықты жасауға арналған интеллектуалды шешімдер – Қазақстандағы BMW Motorrad дилерлік орталықтарында мотоаксессуарлардың кең желісі ұсынылған, олар сізге байкты жүргізуден әлдеқайда мол ләззат алуға мүмкіндік береді.

 
Lifestyle топтамасы

BMW Motorrad киімдері мен аксессуарлары – бұл күнделікті өмірдегі нағыз байкер стилі және ең жоғары сапа. Сіз батыл бейнені жасағыңыз келе ме әлде классиканы қалайсыз ба? – Lifestyle топтамаларында сіз іздеген нәрсеңізді таба аласыз. Футболкалар, жейделер, күртелер, джинсы, етіктер және т.б. бәрін Қазақстандағы BMW Motorrad дилерлік орталықтарынан таба аласыз.

 

Мотокиім жабдығы
 

Мотокиім жабдығын жасау кезінде BMW Motorrad ең озық технологиялар мен әзірлемелерді қолданады. Топтамадағы кез келген зат максималды жайлылық пен қауіпсіздікке кепілдік береді. Компанияның дулығалары болса отыз жыл бойғы мотоиндустрияда сапа стандартын белгілеп келеді. Брендтің әртүрлі топтамаларында күртелер, шалбарлар, етіктер, қолғаптар, дулығалар және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да аксессуарлар ұсынылған.