Қосалқы бөлшектер

BMW MOTORRAD ТҮПНҰСҚА ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІ. МОТОЦИКЛІҢІЗ ҮШІН ЕҢ ЖАҚСЫСЫН ТАҢДАҢЫЗ.

BMW Motorrad-тың түпнұсқа қосалқы бөлшектері мен аксессуарларынан бастап мотоцикл күтіміне арналған фирмалық өнімдерге дейін – кез келген уақытта және кез келген жағдайда өз байкіңізге 100 % сенімді болыңыз.

BMW Motorrad компаниясының қосалқы бөлшектері, аксессуарлары мен күтім жасау өнімдері Қазақстандағы BMW дилерлік орталықтарында молынан ұсынылған, бірақ қажетті тауар болмай қалса да, сіз оны Германиядағы зауыттан тікелей тапсырыспен алдырта аласыз. Бүге-шігесіне шейін ойластырылған логистиканың арқасында мұны оңай және қысқа мерзімде жеткізе аламыз.

BMW Motorrad өнімдері мен қосалқы бөлшектерінің барлық ассортименті озық технологияларды қолдану арқылы шығарылады және тек жоғары сапа стандарттарына ие. Инженерлер түпнұсқа қосалқы бөлшектерді BMW мотоцикліне арнайы әзірлеген және құрастыру кезінде орнатылған бөлшектерге толық сәйкес келеді.

Мотоцикліңізге ең жақсысын сыйлаңыз – BMW зауытынан шыққан әрбір байк тек осыған лайық. Соның арқасында сіз мотоциклдің бүкіл қызмет ету мерзімінде оны жүргізуден міндетті түрде ләззат алатын боласыз.

Қосалқы бөлшектерге тапсырыс беріңіз:

Мен жеке деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін