Бавария Шығыс автоорталығы ресми дилерінен жаңа BMW автокөлігін сатып ала отырып, сіз 3 жыл кепілдік және 3 жыл тегін техникалық қызмет көрсету аласыз. Бұл сіздің автокөлігіңізге уақытылы сервистік қызмет көрсететінімізге сенімділік береді.
3 жыл зауыт кепілдігі:
Егер сіз жаңа BMW автокөлігін сатып алсаңыз, оған кепілдік қолданылады, кепілдік бойынша сіздің автокөлігіңізге BMW ресми дилерінде қызмет көрсетіледі. Қолданылу мерзімі — автокөлікті сатып алған күннен бастап 3 жыл немесе автокөлік 200 000 км жол жүргенге дейін.
3 жыл техникалық қызмет көрсету:
Сондай-ақ Қазақстандағы BMW ресми дилерінен автокөлік сатып алған кезде сіз BMW Service Inclusive техникалық қызмет көрсету топтамасын аласыз. Қолданылу мерзімі – автокөлікті сатып алған күннен бастап 3 жыл немесе автокөлік 40 000 км жол жүргенге дейін.
Техникалық қызмет көрсетуге (ТҚК) не кіреді:
- Мотор майы
- Автокөлікті диагностикалау
- Ауа сүзгісі
- Отын сүзгісі
- Микросүзгі
- Оталдыру білтелері
- Тежегіш сұйықтығы
Бағдарлама 2020 жылғы қаңтардан бастап BMW дилерінен сатып алынған автокөліктерге қолданылады.
Сіздің артықшылықтарыңыз:
Бүкіл әлем бойынша.
Тек Қазақстандағы BMW ресми дилерлерінен ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша қызмет көрсетуді пайдалана аласыз.

ШЫҒЫНДАРДЫ ҮНЕМДЕУ.
BMW Service Inclusive көмегімен регламенттік техникалық қызмет көрсету үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Сіз болашақта қызмет көрсету бағасын көтеруден сақтандырылғансыз.

САПАҒА ДЕГЕН СЕНІМДІЛІК.
Қызмет көрсетуді тек түпнұсқа BMW қосалқы бөлшектері мен мотор майларын қолдана отырып, BMW ресми дилерлерінің сертификатталған мамандары жүзеге асырады.

СЕНІМДІЛІК.
BMW ресми дилерлерінде уақытылы және тұрақты техникалық қызмет көрсетілетіндіктен, сіздің автокөлігіңіздің жағдайы жақсы күйде қалады.

БЕРУ МҮМКІНДІГІ.
BMW Service Inclusive автоматты түрде келесі көлік иесіне өтеді, бұл автокөліктің жоғары қалдық құнын сақтауға кепілдік береді.
Қазақстанның ресми дилерлерінен жаңа автокөлік сатып ала отырып, BMW-мен келешегіңіздің бейқам әрі жеңіл болатынына сенімді болыңыз.