Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновациялар
Алдыңғы бөлік дизайны

Алдыңғы бөлік дизайны

Жоғарғы класты BMW стиліне тән фирмалық алдыңғы бөлік Iconic Glow радитор торының жарықтандыруымен және M моделіне тән жіңішке күндізгі жүріс шамдарымен таңғалдырады. BMW XM логотипі бар радиатордың көркем торы мен Night Gold түсінің эксклюзивтік реңктері автокөліктің сән-салтанаты мен талғампаздығын айшықтай түседі. Қуатты рельефті капоттың сызықтары екі көзтартарлық дөңеспен аяқталады.

Қырынан көрінісі

Қырынан көрінісі

Бұл тұрғыдан алғанда, купе стиліндегі керемет дизайн көркем пропорциялармен және бүкіл BMW модельдік қатары ішіндегі ең қою түсті терезелер сияқты экстерьердің бірегей ерекшеліктерімен үйлесім табады. 23 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер және акценттік сызығы BMW XM моделіне қосымша күш-қуат, ал Night Gold контрастылы реңкі оның дизайнын айрықша ете түседі.

Артқы бөлік дизайны

Артқы бөлік дизайны

Қосарланған тік алты бұрышты M түтіндік келтеқұбыры артқы бөлікке бірегей көрініс сыйлап, диффузордың алтын түстес ерекшелігімен және "XM" логотипімен үйлесім табады. Артқы әйнектің екі шетіне лазермен ойып жазылған екі "BMW" логотипі BMW M1 моделіне жасалған сілтеме болып табылады. Дөңгелек доғалармен бірге қанатына дейін созылған артқы шамдар модельдің қуатты да берік мүсінін айшықтайды.

Жарықтандыруы бар төбе

Жарықтандыруы бар төбе

Шағылысқан жарықпен жарықтандырылған төбе өзінің үш өлшемді призмалық құрылымымен таңғалдырады. Бірегей ыңғайлы жарықтандыру керемет жарық сценарийлерін, мысалы сәлемдесу сценарийін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Түсті жүргізушінің қозғалыс режимі мен көңіл күйіне байланысты жеке қалауына қарай таңдау мүмкіндігі болуы мүмкін.

M Lounge артқы орындығы

M Lounge артқы орындығы

M Lounge артқы орындығы керемет кеңістік ұсынады. Біртұтас орындық және бас тірегіштегі ромбы тәріздес құрылымдар мен тігіс суреті сияқты ұсақ-түйектер жоғары деңгейдегі жайлылық мен салонның сән-салтанатын сезінуге мүмкіндік береді. Шағылысқан жарықпен жарықтандыруы бар рельефті төбемен, қою түсті терезелерімен және жайлы жастықтарымен бірге олар кеңістікті жаңадан қабылдауыңызды қамтамасыз етеді.

Vintage айрықша былғарысы

Vintage айрықша былғарысы

Винтаждық әсері бар былғары өзінің табиғи құрылымымен және текстурасымен таңғалдырып, есіктер мен алдыңғы панельдердің қапталуына ерекше назар аудартады. Бұл материал бірінші рет және тек BMW XM көліктерінде қолданылады, ал арнайы өңдеу және қаптау әдістері әр көліктегі стиль ерекшелігі мен даралығын қамтамасыз етеді.

8 цилиндрлі V-тәрізді қосылатын гибрид қозғалтқышы

8 цилиндрлі V-тәрізді қосылатын гибрид қозғалтқышы

8 цилиндрлі V-тәрізді қосылатын гибрид қозғалтқышы көлік жүргізуден айрықша рақат сыйлай алады және M моделінің сенімді қуат жиынтығымен және керемет дыбысымен ерекшеленеді. Жоғары өнімділікті 4,4 литрлік V8 қозғалтқышы мен қуаты 197 а.к. болатын электр қозғалтқышының асқан шебер өзара әрекетінің арқасында олардың жиынтық қуаты 653 а.к. құрайды, ал айналу моменті 800 Нм жетеді. Бұл үйлесім BMW XM көлігінің сенімді жол жүруін қамтамасыз етеді.

Бейімделетін M Professional аспасы

Бейімделетін M Professional аспасы

Бейімделетін M Professional аспасы жайлылыққа нұсқан келтірмейтін спорттық басқарылу деңгейімен таңғалдырады. Интегралды белсенді рульдік басқару автокөлікті жоғары жылдамдық кезінде тұрақты қалыпта ұстайды және сонымен бірге айналу радиусын азайтады. Белсенді тұрақтандырғыштар шанақтың қисаюының алдын алып, сол арқылы жүріс динамикасы мен жайлылықты жақсартады.

M Sport дифференциалы

M Sport дифференциалы

M Sport дифференциалы жол жүргенде автокөлігіңіздің барынша мүмкін динамикасын қамтамасыз етеді. Ол әртүрлі жағдайда – бұрылыстан шығып жылдамдық алғанда, бұрылыстардан жоғары жылдамдықпен өткенде немесе оң және сол дөңгелектер әртүрлі жабынды жолда болған кезде тарту күші мен бағыт тұрақтылығын оңтайландыру үшін айналу моментін артқы дөңгелектердің арасында тең бөледі.

Жүргізушіге көмек көрсету жүйелері

Жүргізушіге көмек көрсету жүйелері

Professional көлік жүргізу көмекшісі жалпы қауіпсіздікті арттыру үшін жүргізушіге қосымша қолдау көрсетеді.

BMW Live Cockpit Professional

BMW Live Cockpit Professional

BMW Live Cockpit Professional құрамына проекциялық дисплей, толықтырылған шынайылық технологиясы қолданылған навигациялық жүйе және көптеген басқа мүмкіндіктер кіреді.

Авто в наличии
Все автомобили в наличии
* Автомобиль, изображенный на фотографии не является точным отражением автомобиля в наличии.Подробную информацию о наличии интересующего Вас автомобиля уточняйте у официального дилера
car

BMW XM 50e

Электрический
Автомат
Задний привод
85 407 067 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW XM 50e

Электрический
Автомат
Задний привод
85 407 067 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW XM

Электрический
Автомат
Задний привод
113 248 078 тг
Өтінім қалдыру
Сұраныс қалдыру

BMW XM

img