BMW GROUP KITH БРЕНДІМЕН КОЛЛАБОРАЦИЯДАҒЫ BMW M4 COMPETITION COUPE АРНАЙЫ СЕРИЯСЫН ҰСЫНАДЫ

img

Автокөлік Нью-Йорктің lifestyle-бренді Kith-пен өзара ынтымақтастық аясында жасалды. Барлығы BMW M4 Competition x Kith моделінің 150 данасы шығарылады.

Әлемдік премьерадан кейін небәрі бірнеше апта өткен соң BMW M эксклюзивті BMW M4 Competition Coupe купе нұсқасын ұсынады (аралас цикл кезіндегі отын шығыны: 10,2 л/100 км; CO2 шығарындысының көлемі: 234 г/км). Автокөлік Нью-Йорктің lifestyle-бренді Kith-пен өзара ынтымақтастық аясында жасалды. Барлығы BMW M4 Competition x Kith моделінің 150 данасы шығарылады.

Купе сыртқы және ішкі дизайнның ерекше ұсақ бөлшектерімен ерекшеленеді, купені жасаған кезде BMW M GmbH бөлімшесі жастардың сән әлеміне басым назар аударды. Kith брендінің негізін қалаушы Ронни Фьегтің BMW көліктерінің жанкүйері екені белгілі, сондықтан да оған өзара ынтымақтастық өте маңызды және сезімге толы болды. Арнайы серияға тапсырыстар қабылдап бастаған кезде Kith өзінің барлық дүкенінде және интернетте 96 эксклюзивті заттан тұратын киім мен аксессуарлар коллекциясын да іске қосады.

«Көше стилінің беталысына зер салу — бұл біздің BMW брендін дамытудағы жаңа тәсіліміздің бір бөлігі. Өз идеяларымен және Kith лейблымен Ронни Фьег әлемдегі сән мен салтанат саласындағы қоғамдық пікір қалыптастырушы ретінде танылған. Біздің Роннимен және оның беделді брендімен өзара ынтымақтастық орнатуымыз BMW үшін зерттеу және жаңа нысаналы аудиторияны ашу барысында жаңа қозғаушы күш болады», — деп түсіндірді Клиенттер мен BMW брендімен жұмыс жөніндегі аға вице-президент Йенс Тимер.

«Бұл BMW M GmbH компаниясының эксклюзивті ынтымақтастық аясында өз көліктерінің бірінің шектеулі сериясын бірінші рет шығаруы емес. Бұл BMW M GmbH үшін түпнұсқа BMW M3-ті алтыншы буындағы жаңа BMW M4 Competition Coupe-мен байланыстырудың керемет мүмкіндігі. Сондай-ақ бұл бізге жаңа перспективті мақсатты топтың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Көше киімі мәдени феноменнен жаһандық трендке ауысып жатыр және көптеген салаларға эксклюзивті элементін әкеліп жатыр », — деді BMW M GmbH бас директоры Маркус Флаш.

«Kith-те біз жұмыс істейтін барлық заттың өз түп-тамыры бар. Балалық шақ туралы ең сүйікті естеліктерімнің бірі атаммен және 1980 жылдары оның BMW-сымен жүрген сапарлармен байланысып жатыр. Оның E21 320i көлігі болғаны, ал оның ең қымбат көлігі E30 M3 болғаны есімде. Осы сәттер шынымен менің BMW-ға деген махаббатымды оятты, сондықтан концернмен бірге осы жоба бойынша жұмыс істеу маған есте қаларлық эмоциялар берді», — деді Kith негізін қалаушы Ронни Фьег.

Жақында Фьег бірінші буындағы аңызға айналған BMW E30 M3 купесін сатып алды және BMW M GmbH Бруклиндегі Kith дүкенінде ынтымақтастықтың ресми таныстырылымы үшін автокөлікті дайындап, оны 23 қазанда өткізді. Оның қасында Kith-тің бірегей кейпіндегі алтыншы буын автокөлігі жарқырап тұрды. Екі купе де алғашқы болып BMW E30 M3 моделінде пайда болған Cinnabar Red түс реңкіне боялған. BMW-ның кейінгі топтамаларында бұл бояу қолданылмайды және ол буындардың арасындағы байланысты көрсету үшін эксклюзивті BMW M4 Competition Coupe үшін ғана таңдап алынған.

Жаңа BMW жүксалғышының қақпағындағы М4 Competition таңбасы өз стиліндегі BMW жолағы бар қара Kith логотипіне ауыстырылды. Жарығы бар бұл логотип алдыңғы М карбон орындықтарының бассүйегіштерінде де бар, ал Kith жазуы бассүйегіштердің қара былғарысына және орталық консольге ойылып жазылған.

Дәл осындай ойып жазылған былғары Фьегке тиесілі BMW E30 M3 орындықтарын әрлеу үшін де пайдаланылған. Бұл жерде BMW M жолақтары бар Kith логотипі күміс түсте орындалған. Капоттағы, жүксалғыш қақпағындағы бавариялық брендтің фирмалық эмблемаларында BMW жазуы Kith жазуына ауыстырылған. Логотиптерді араластыру Kith-тің басқа әлемге әйгілі компаниялармен көптеген ынтымақтастық орнату жағдайларының ерекше белгісі болып табылады. Алайда бұл BMW өз эмблемасын серіктес үшін өзгерткен бірінші жағдай. Жаңа М4 моделінде BMW логотипінің айналасында BMW M түстеріндегі – ашық көк, қою көк және қызыл түсті қосымша шеңбер пайда болды. Сонымен қатар BMW мен Kith ынтымақтастығына назар аудартатын қанық түсті белгілер қосылды. BMW M4 Competition x Kith артқы бөлігі де BMW M жолағы бар қара Kith логотипімен безендірілген. Арнайы серияның модельдері күнгірт реңкте Аязды қара, Аязды қою күміс және Аязды ақ гауһар түстерінде ғана ұсынылады. Бұл BMW E30 M3 шығарылған кезеңдегі оның ең танымал түстеріне құрмет белгісі ретінде алынды.

Эксклюзивті BMW M4 Competition x Kith көлігінің ең басты ерекшеліктерінің бірі Kith дизайн үлгісіндегі көміртекті пластикалық төбе панелі болды. Оның бетіне BMW M жолағы бар Kith жазуы жазылған. Қызыл суппорттары мен M логотипі бар BMW M құрамдас тежегіштері стандартты жинақтамаға кіреді. Олар алдыңғы жағында диаметрі 19 дюйм және артқы жағында 20 дюйм болатын 826M дизайнының екі түсті соғып жасалған дөңгелектердің қосарланған сымдарынан көрініп тұрады.

BMW M4 Competition x Kith ішінде үш түсті ожау тәрізді M Carbon орындықтары орнатылған. Ашық көк және қызыл түсті BMW M жапсырмалары қара түсті Merino былғарысының әрлеуімен жақсы үйлесім табады. Ронни Фьегтің BMW E30 M3 көлігіндегі сияқты “Kith” жазуы алдыңғы және артқы бассүйегіштердің қара былғарысында, сондай-ақ орталық шынтақтаянышта ойып жазылған. Орталық консольде BMW M жолақтары бар Kith логотипі пайда болды. Алдыңғы бассүйегіштердегі жарқырайтын М белгісінде де “Kith” жазуы бар.

Арнайы сериядағы автокөлік те BMW M4 Competition Coupe көлігі сияқты техникалық сипаттамаларға ие. M TwinPower Turbo технологиясының соңғы нұсқасындағы BMW M GmbH компаниясының жаңа алты цилиндрлі қатарлы қозғалтқышы 510 а.к. беріп, 650 Н·м ең жоғары айналдыру моментін дамытады. Стандартты жиынтыққа сегіз сатылы M Steptronic Drivelogic автоматты беріліс қорабы кіреді. 0 км/сағ бастап 100 км/сағ дейін жылдамдықты үдету үшін — 3,9 секунд, 200 км/сағ дейін үдету үшін 12,5 секунд кетеді.

BMW М 50 ЖЫЛ

#50JahreBMWM #WeAreM

Еркіндік пен стильде шекара жоқ.

Шынайы автоспорт жанкүйерлері үшін BMW Motorsport x Puma ынтымақтастығында BMW Lifestyle киімдері мен аксессуарларының жаңа топтамасы бар.

Жаңа BMW алаңсыз.

Қазақстандағы BMW ресми дилері – Бавария Шығыс автоорталығы жаңа BMW көлігіңізге 3 жыл кепілдік және 3 жыл тегін техникалық қызмет көрсету ұсынады