Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновации
BMW X3, Тіпті қараңғыда да жаңылмай танылатын келбет.

Тіпті қараңғыда да жаңылмай танылатын келбет.

BMW радиатор торы Iconic Glow көмескі жарығымен автокөлікке әсіресе тәуліктің қараң мезгілінде бірегей көрініс беріп тұрады. Ақ түсті көмескі жарық статикада да, қозғалыста да оның сұлбасын айшықтап көрсетеді.

BMW X3, Қара, ажарланған және M-ге тән.

Қара, ажарланған және M-ге тән.

19" M Y-spoke 1035 M Bicolour жеңіл қорытпалы дискілері айқын көзге түсетін спорттық стильге ие. Олардың эксклюзивті дизайны күңгірт ортаңғы бөлігімен және ашық түсті ажарланған беттерімен айшықталып көрсетіледі.

BMW X3, Әсемдік пен кеңістік.

Әсемдік пен кеңістік.

Панорамалық әйнек төбе салонды жарыққа толтырады және ашық кеңістік сезімін тудырады, кез келген орындықта отырып еркіндік пен жайлылық атмосферасынан ләззат алуға мүмкіндік береді.

BMW X3, Жақсартылған жарық және жайлы орта.

Жақсартылған жарық және жайлы орта.

Өз BMW-ңізде бірегей атмосфера қалыптастырыңыз: динамикалық әсерлері бар салонды жарықтандырудың 15 түсінің бірін таңдаңыз да, жарықты кез келген көңіл-күйге сай бейімдеңіз.

BMW X3, Жайлылық. Спорт. Даралық.

Жайлылық. Спорт. Даралық.

Алдыңғы спорттық орындықтар бұрылыстарда тамаша тіреуді қамтамасыз етеді және дене контурларын мінсіз қайталайды. Алуан түрлі баптаулар максималды жайлылықты және көлік жүргізуден ұмытылмас әсерлер алатыныңызды кепілдендіреді.

BMW X3, Таң қалдырарлық кеңістік әсері.

Таң қалдырарлық кеңістік әсері.

BMW X3 салонының артқы бөлігі таң қаларлық жайлылық сыйлайды: аяқтарға арналған кеңістік пен премиумдық материалдар жолаушыларға сапардан толыққанды ләззат алуға мүмкіндік береді.

BMW X3, Қозғалыс жағдайларына сәйкес бейімделу.

Қозғалыс жағдайларына сәйкес бейімделу.

Бейімделетін аспа амортизацияны жол жағдайларына автоматты түрде бейімдейді. Спорттық жүргізу стилін тәуір көресіз бе? SPORT режимінде Сіздің BMW-ңіз көбірек қатаң баптауларды пайдаланатын болады.

BMW X3, Жолмен біртұтастық.

Жолмен біртұтастық.

Сервотронигі бар бейімделетін рульмен басқару әрбір маневр кезінде максималды дәлдік пен бақылауды қамтамасыз ете отырып, кері байланысты күшейтеді.

BMW X3, Жай ғана кілт емес.

Жай ғана кілт емес.

BMW Digital Key* цифрлық кілті Сізге үйлесімді мобильді құрылғыларды автокөліктің кілті ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл қолжетімділікті өзге бес пайдаланушымен бөлісуіңізге болады.
*функцияның қолжетімділігі автокөлік моделіне және мобильді құрылғының операциялық жүйесіне байланысты.

BMW X3, Сіздің қырағы көмекшіңіз.

Сіздің қырағы көмекшіңіз.

Professional жүргізу көмекшісі Сізге автокөлікті 210 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықта өз жолағыңызда және қауіпсіз қашықтықта ұстап отыруға көмектеседі. Қажет болса, Сіздің BMW-ңіз толық тоқтауға дейін тежеледі және содан кейін қозғалысты автоматты түрде қайта жалғастырады. Бұл айтарлықтай көмек — әсіресе тығыз қозғалыс жағдайларында.

BMW X3, Сіздің BMW-ңіз тұраққа өз бетінше тұрады.

Сіздің BMW-ңіз тұраққа өз бетінше тұрады.

Professional тұрақ көмекшісі сізге тұраққа қою кезінде тізгінде отырмауға мүмкіндік береді. Ол автокөлікті автоматты түрде тұраққа қояды және тұрақ орнынан шығарып береді. Ол үшін 200 метрге дейінгі қашықтықта маневр жасау және оны жадқа сақтау жеткілікті.

Сипаттамалары мен бағалары

Авто в наличии
Все автомобили в наличии
* Автомобиль, изображенный на фотографии не является точным отражением автомобиля в наличии.Подробную информацию о наличии интересующего Вас автомобиля уточняйте у официального дилера
BMW X3

BMW X3 20 xDrive

Бензин
Автомат
Полный привод
Қолда бар
47 715 969 тг
Өтінім қалдыру
Ұсынысты сұрау

BMW X3

img