Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновациялар
Тіпті қараңғыда да жаңылмай танылатын келбет.

Тіпті қараңғыда да жаңылмай танылатын келбет.

Мәнерліліктің жаңа деңгейі: Iconic Glow көмескі жарғы бар BMW радиатор торының жаңартылған дизайны, бірден танылатын қосарланған фаралар және Welcome Light Carpet жерге түсетін динамикалық жарық жолағы тәуліктің кез келген мезгілінде назарларды өзіне тартатын жарқын бейне қалыптастырады.

Ең тамаша келбетке келтірілген қуаттылық.

Ең тамаша келбетке келтірілген қуаттылық.

Арасы кеңейтілген дөңгелек аркалары, мәнерлі бүйірлік панельдер — BMW M5-тің әрбір сызығы оның күші мен сенімділігін байқатып тұрады. Бұл өзінің қуаттылығын сөзсіз-ақ паш ететін автокөлік.

Сенімді сыртқы көрініс.

Сенімді сыртқы көрініс.

Сырбаздық пен қуаттылық әрбір бөлшекте: екі секциялы диффузорды астыңғы бөлікте мәнерлі екпін қалыптастырып тұрған төрт газ шығару құбыры айшықтап көрсетеді. M артқы спойлері автокөліктің аэродинамикасын жақсартып және спорттық мінезін айшықтап көрсетіп, бейнені тұйықтайды.

Спорттық амбициялар.

Спорттық амбициялар.

Мәнерлі, күңгірт, айқын. 20"/21" M Double-spoke 951 M Black жеңіл қорытпалы дискілері кез келген лак-бояу жабынына сай келеді. Өлшемдері әртүрлі Performance шиналары жолмен ілінісуді жақсартады.

Көз тартатын материал.

Көз тартатын материал.

M экстерьерінің әрлемесіндегі карбонды пакет сіздің BMW-ңіздің спорттық мінезін күшейтеді. Жеңіл және берік карбон автокөліктің төбесіне, сыртқы айналардың қақпақтарына және артқы спойлерге қолданылады, әсерлі әрі динамикалық бейне қалыптастырады.

Мінсіз сәйкестік.

Мінсіз сәйкестік.

M мультифункциялы орындықтары максималды жайлылық пен таянышты ұсынады. Арқалық енінің жүргізушіге сай жеке реттелуі және жылытқышы әр сапарға мінсіз жағдайлар қалыптастыра отырып, өз қалауыңыз бойынша баптауға мүмкіндік береді.

Мүлтіксіз бақылауға арналған оңтайлы пішін.

Мүлтіксіз бақылауға арналған оңтайлы пішін.

M руль дөңгелегі — бұл стиль ғана емес, функционалдық: қызыл түсті «нөлдік» белгі, M берілістерді ауыстырып қосу құлақшалары және жеке баптауларға тез қол жеткізуге арналған M1/M2 түймелері қайталанбас спорттық әсерлер мен автокөлікті абсолюттік бақылау сезімін қалыптастырады.

Бәрі қол созым жерде.

Бәрі қол созым жерде.

Қызыл түсті Start-Stop түймесі, «M» логотипі бар iDrive контроллері және M режимдері — M арнайы орталық консолі барлық түйінді функциялар барынша тез және ыңғайлы түрде қолжетімді болуы үшін жасалған.

Көбірек динамика.

Көбірек динамика.

M жарықтандыру пакеті: M фирмалық түстеріндегі жарық әсерлері автокөліктің мінезін айшықтап көрсетеді және автокөлікке отырар кезде әрбір жолы сізді күтіп алады.

Риясыз ләззат алу үшін.

Риясыз ләззат алу үшін.

V8 M TwinPower Turbo қуатты бензинді қозғалтқышы мен электр моторын біріктірген M Hybrid жетек жүйесі 727 аттың күшіне тең жалпы қуатымен әсерлі екпіндеуді қамтамасыз етеді және сізді орындыққа батырып жібереді.

Жүргізу стиліңізді өзіңіз анықтайсыз.

Жүргізу стиліңізді өзіңіз анықтайсыз.

M бейімделетін аспасы динамика мен жайлылық арасында мінсіз тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Ол автоматты түрде жол жағдайларына және сіздің жүргізу мәнеріңізге бейімделіп, жолдағы әр сәтке оңтайлы жағдайлар қалыптастырады.

Жұмысы анағұрлым жеңіл және айқын.

Жұмысы анағұрлым жеңіл және айқын.

M карбонды-керамикалық тежеу жүйесі аса жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді, термиялық жүктемелерге төзімді және кез келген жағдайларда сенімді. Құрамды тежеу жүйесімен салыстырғандағы оның жеңілдігі автокөліктің жалпы динамикасын жақсартады және басқару тиімділігін арттырады.

Еліктірер дыбыс.

Еліктірер дыбыс.

Жапқышы бар төрт газ шығару құбыры M көлігінен күткеніңіздей қуатты әрі өзіне тән дыбыс шығарады. Салон ішінде дыбыс таңдалған жүру режиміне бейімделіп, әр километрден алатын әсеріңізді күшейте түседі.

Әрдайым көз алдыңызда.

Әрдайым көз алдыңызда.

M проекциялық дисплейі жүру режиміне бейімделеді, жол үстінде максималды жайлылық пен бақылауды қамтамасыз ете отырып, таңдалған баптауларға байланысты ақпаратты толық немесе қысқартылған түрде ұсынады.

Көлік жүргізуден алатын нағыз ләззат.

Көлік жүргізуден алатын нағыз ләззат.

Қала ішіндегі жайбарақат сапар ма әлде тректегі жарыс па — көлік тізгініндегі тәжірибеңіз әрдайым ұмытылмастай есте қалады. ROAD режимінде барлық көмекші жүйелер белсенді және бүкіл қажетті ақпарат көрсетіліп тұрады, ал TRACK режимінде барынша жинақталуды және тізгінді бақылауды қамтамасыз ету үшін олар минималды түрде көрсетіледі.

Сіздің қырағы көмекшіңіз.

Сіздің қырағы көмекшіңіз.

Professional жүргізу көмекшісі сізге 210 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықта автокөлікті жолақ шегінде ұстауға және қауіпсіз қашықтықты сақтауға көмектеседі. Қажет болса, BMW сенімділік пен жайлылықты қамтамасыз етіп (әсіресе тығыз трафик жағдайларында) толықтай тоқтай және қозғалысты автоматты түрде қайта жалғастыра алады.

Сіздің BMW-ңіз өз бетінше тұраққа тұрады және тұрақ орнынан шығады.

Сіздің BMW-ңіз өз бетінше тұраққа тұрады және тұрақ орнынан шығады.

Professional тұраққа қою көмекшісі бос тұрақ орындарын тауып қана қоймай, 200 метрге дейінгі қашықтықта маневрді жадына сақтайды. Сіздің командаңыз бойынша BMW автоматты түрде тұраққа тұрады немесе тұрақтан шығады, ал сіз оның жанында тұрып үдерісті смартфонның көмегімен бақылай аласыз.

Сипаттамалары мен бағалары

Сұраныс қалдыру

BMW M5

img