Құрметті қонақтар, «Дилерлік орталыққа келу қағидаларымен танысыңыз». Сіз осы жерде барынша қауіпсіз және жайлы жүруіңіз үшін «Дилерлік орталыққа келу қағидаларын» сақтауыңызды сұраймыз. Дилерлік орталық келушілердің тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келушілерді және олардың әрекеттерін тіркейтін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған;

Қауіпсіз және жайлы болу мақсатында «Бавария автоорталығы дилерлік орталығына» келудің осы Қағидалары дилерлік орталықтың үй-жайларында және/немесе аумағында барлық келуші үшін жалпы тәртіпті реттейді.

  1. Келушілер дилерлік орталықтың үй-жайларына өздеріне арналған және жабдықталған кіру/шығу есіктері арқылы кіріп-шыға алады және дилерлік орталықтың жұмыс уақыты шегінде (жұмыс тәртібін ескере отырып) ғана ішінде бола алады;
  2. Дилерлік орталыққа келген кезде ескерту таңбаларының, сілтемелердің, белгілердің, нұсқаулықтардың немесе басқа белгілердің талаптарын сақтауды ұсынамыз;
  3. Өз денсаулығыңыздың/өміріңіздің және мүлкіңіздің қауіпсіздігін жеке қамтамасыз етіңіз. Жеке заттарыңызды дилерлік орталықтың үй-жайларында және/немесе аумағында, демонстрациялық автокөлікте қалдырмауыңызды сұраймыз, дилерлік орталықтың әкімшілігі қалдырылған заттар үшін жауап бермейді;
  4. Өзіңізге және айналаңыздағыларға қауіп төндірмей, зиян келтірмей, құқықтар мен заңды мүдделерді бұзбай әрекет ету керек;
  5. Кәмелетке толмаған балалардың денсаулығына зиян келтіретін, дилерлік орталықтың, оның қызметкерлерінің, келушілерінің және басқа да тұлғалардың мүлкіне зиян келтіретін әрекеттерді абайсызда жасамауы үшін кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз.
  6. Дилерлік орталық әкімшілігінің, күзет қызметкерлерінің, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін уәкілетті тұлғалардың нұсқауларын ескеру және орындау; әкімшілік және/немесе күзет қызметкері осындай талап қойған жағдайда немесе өрт дабылы және қауіп туралы хабарлаудың өзге де дабылдары іске қосылған жағдайда дилерлік орталықтың аумағынан кету;
  7. Өртке қарсы, терроризмге қарсы, қоғамдық, санитарлық қауіпсіздіктің белгіленген талаптарын және Қазақстан Республикасының қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасында көзделген өзге де талаптарды сақтау;
  8. Келушiнiң (келушілердің) немесе басқа адамдардың денсаулығына, өмiрiне, мүлкiне зиян келтiруге себеп болатын/болған әрекеттер және/немесе оқиғалар және/немесе мән-жайлар туралы дилерлiк орталық қызметкерлерiне және/немесе дилерлiк орталықтың күзет қызметкерлеріне дереу хабарлау;
  9. Дилерлік орталықтың арнайы бөлінген және белгіленген орындарында ғана темекі шегу;  
  10. Дилерлік орталықтың автотұрағында көлік құралдарын жабдықталған белгілердің талаптары мен шектеулеріне сәйкес орналастыру қажет. Велосипедтер мен самокаттарды тек арнайы жерлерде қалдыру керек;
  11. Дилерлік орталыққа келушілер жол жүру ережелерін сақтауы керек. Біз көліктеріңізді дилерлік орталықтың жұмыс кестесінде көрсетілген уақыттан ұзақ уақытқа дилерлік орталық автотұрағындағы тұрақ орындарында қалдырмауды сұраймыз. Дилерлік орталық әкімшілігі жол жүру ережелерін бұзушылар туралы полиция қызметкерлеріне хабарлауға құқылы.

 

ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚҚА КЕЛУШІЛЕРГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ

  1. Сіздің денсаулығыңызға, өміріңізге немесе қауіпсіздігіңізге, сондай-ақ айналаңыздағы адамдардың денсаулығына, өміріне немесе қауіпсіздігіне қауіп төндіру;
  2. Кәмелетке толмағандарды ересектердің қарауынсыз қалдыру;
  3. Жанжалды жағдайларды тудыру, ұрыс-керіс шығару, төбелес, басқа да заңсыз әрекетті бастау, оларға қатысу, басқаларға агрессия көрсету, бұзақылық әрекет жасау, басқа келушілер мен дилерлік қызметкерлерді сыйламау және қорлау;
  4. Жүгіру, секіру, арнаулы емес конструкцияларға немесе құрылыстарға (қалқалар, қабырғалар, тосқауылдар және т.б.) өрмелеп шығу;
  5. Дилерлік орталықтың үй-жайларында роликті конькимен, самокаттармен, велосипедтермен, скейтбордтармен, скутерлермен (гироскутерлермен), сегвейлермен және басқа роликті және дөңгелекті техникамен сырғанау қауіпсіз емес;
  6. Дилерлік орталықтың және басқа келушілердің мүлкін зақымдау және/немесе бұзу немесе басқа жолмен зақымдау;
  7. Дилерлік орталықтың қызметтік үй-жайларына немесе келушілер үшін жабық үй-жайларына кіру;
  8. Дилерлік орталықтың үй-жайлары мен аумағында қоқысты шашу және қалдыру;
  9. Дилерлік орталықтың аумағында алкогольді және алкоголі аз сусындарды алып жүруге, ішуге, сатылымы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен шектелген кез келген есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын пайдалану;
  10. Дилерлік орталықтың аумағында қаңғыбастықпен және(немесе) қайыр сұраумен айналысу;
  11. Жетектеуші иттерден, сондай-ақ арнайы тасымалдағыштағы жануарлардан бөлек, дилерлік орталықтың үй-жайларына жануарлармен кіру;
  12. Егер аталған заттар дилерлік орталықтан сатып алынған жағдайларды қоспағанда, өртке немесе жарылысқа әкелуі мүмкін заттарды (жанғыш және жарылғыш заттар, амуниция және т.б.) әкелу;
  13. Дилерлік орталықтың үй-жайларында немесе аумағында косметикалық құралдарды, кәдесыйларды, сусындарды, тамақ өнімдерін, киімді, жарнамалық атрибутиканы және басқа да коммерциялық тауарларды сатып алуды және/немесе дилерлік орталық әкімшілігінің келісімімен көрсетілетін/сатылатын қызметтер мен тауарларды қоспағанда, қандай да бір қызметтер көрсетуді ұсыну;
  14. Дилерлік орталық әкімшілігінің жеке жазбаша рұқсатынсыз үй-жайларда немесе дилерлік орталықтың аумағында жарнамалық парақшалар, брошюралар, буклеттер және/немесе басқа да ақпараттық/жарнамалық материалдарды тарату;
  15. Дилерлік орталықтың аумағында қандай да бір митингілерді, жиналыстарды және/немесе басқа да осыған ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру;
  16. Жарнамалық акцияларды, сауалнамаларды, қол жинауды және/немесе басқа да акцияларды ұйымдастыру, сондай-ақ дилерлік орталықтың әкімшілігімен алдын ала жазбаша нысанда келісілмеген басқа да қызметті жүзеге асыру;
  17. Дилерлік орталыққа тиесілі автокөлік салондарында жабылып алу (оның ішінде есік құлыптарын бұғаттау жолымен), дилерлік орталықтың үй-жайларындағы демонстрациялық автокөліктерді оталдыру;
  18. Мұндай фото- және (немесе) бейнетүсірілім өндірушінің қызмет көрсету стандарттары шеңберінде (оның ішінде автокөлікті беру рәсімі кезінде) жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, дилерлік орталық әкімшілігі тарапынан және осындай қызметкерлер мен келушілердің алдын ала жазбаша келісімінсіз дилерлік орталықтың қызметкерлері мен басқа да келушілерін фото- және (немесе) бейнетүсіруді, сондай-ақ аудиожазбаны жүзеге асыру;
    Біздің келушілерімізге дилерлік орталықтың үй-жайлары мен аумағында тауарларды (автокөліктерді, қосалқы бөлшектерді, аксессуарларды және сол сияқтыларды), прайс-парақтарды, буклеттерді, каталогтарды, брошюраларды және сол сияқты материалдарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шектеулер сақталған жағдайда ғана жеке мақсаттарда фото- және (немесе) бейнетүсірілім жасауға рұқсат етіледі;
  19. Дилерлік орталық қызметкерлері ілесіп жүрмей және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама алмай, жөндеу аймағына бару және (немесе) оның аумағында болу;
  20. Сатып алынған тауарлар (автокөліктер, қосалқы бөлшектер, техникалық сұйықтықтар және т.б.), көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін дилерлік орталықтың кассасынан тыс ақшалай есеп айырысулар жүргізу;
  21. Дилерлік орталықтың қызметкеріне (қызметкерлеріне) ақша (кез келген түрде), бағалы қағаздар, несиелер, қызметтер, ойын-сауық, демалыс, көлік және өзге де шығыстарға ақы төлеу түрінде сыйақы беруді жүзеге асыру;
  22. Көлік құралдарын жолаушыларды түсіруге/отырғызуға арналған орындарда немесе басқа мақсаттарда қою.


АПАТТАР МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР

  1. Дилерлік орталықтың үй-жайларында өрт дабылы жүйелері, автоматты өрт сөндіру жүйелері және аудиожүйелер (бұдан әрі Жүйелер) орнатылған, олар арқылы аудиохабарламалар, яғни дилерлік орталыққа келушілер және/немесе басқа да үшінші тұлғалар, егер дилерлік орталықта апат орын алса немесе басқа төтенше жағдай болғанда өзін қалай ұстау керектігін хабарлайтын хабарламалар таратылады;  
  2. Бұл жүйелердің әрекетін өшіруге, жасыруға немесе басқаша шектеуге қатаң тыйым салынады. Осы жүйелердің бүлінгенін байқасаңыз, дилерлік орталықтың қызметкерлеріне немесе дилерлік орталықтың күзет қызметкерлеріне дереу хабарлау қажет;
  3. Дилерлік орталықта төтенше жағдай туындаған кезде, мысалы, дилерлік орталықтың үй-жайларында өрт немесе жарылыс, табиғи апаттар немесе апаттық жағдайлар (қатты жел), диверсия немесе лаңкестік акт болған кезде дилерлік орталыққа келушілер дилерлік орталық күзетінің, полиция, өрт-құтқару қызметі және басқа да қызметтердің қызметкерлерінің немесе дилерлік орталық әкімшілігі қызметкерлерінің нұсқауларын сақтауға міндетті;
  4. Өрт ошағын немесе түтінді байқасаңыз, бұл туралы дилерлік орталықтың қызметкерлеріне немесе дилерлік орталықтың күзетшілеріне және өрт сөндіру-құтқару қызметіне дереу хабарлаңыз;
  5. Қараусыз қалған күдікті заттар, жарылғыш, химиялық немесе радиоактивті заттар табылған жағдайда бұл туралы дилерлік орталықтың қызметкерлеріне немесе дилерлік орталықтың күзетшілеріне дереу хабарлау қажет. Дилерлік орталық күзетінің және/немесе басқа қызметтің қызметкерлері келгенге дейін қауіпті орынды қоршап алып, өзіңіз оқшаулау және залалсыздандыру бойынша ешқандай әрекет жасамаңыз;
  6. Егер дилерлік орталық жұмыскерлерінің, келушілерінің қауіпсіздігіне, денсаулығына немесе өміріне қауіп, соның ішінде өрт, жарылыс, газдың шығуы және басқа қауіп-қатер төнетін болса, дилерлік орталық әкімшілігі ықтимал залал мен зиянды болдырмас үшін дилерлік орталықты (немесе оның кез келген бөлігін) дереу, алдын ала ескертусіз жабуға құқылы. 


КАРАНТИН РЕЖИМІ КЕЗІНДЕ
ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚҚА КЕЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ

  1. Мүмкіндігінше, егер арнайы сүйемелдеу талап етілмесе, дилерлік орталыққа адамдарды ерІтпей келуге кеңес береміз;
  2. Егер сізде суық тию белгілері және/немесе дене қызуы көтерілсе, дилерлік орталыққа барудан бас тартыңыз;
  3. Сіздің қауіпсіздігіңіз бен COVID-19 алдын алу мақсатында дилерлік орталыққа барған кезде әлеуметтік қашықтықты және міндетті бетперде режимін сақтауды ұсынамыз; 
  4. Сонымен қатар қол алысудан аулақ болуды сұраймыз. Дилерлік орталыққа кірген кезде қолыңызды антисептикпен дезинфекциялауға және температураны тексеруге болады.


ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Осы «Дилерлік орталыққа келу қағидалары» дилерлік орталықпен жасасатын жария шарттардың (сатып алу-сату, сервистік (жөндеу) қызметтер көрсету, қосалқы бөлшектерді жеткізу және т.б.) міндетті талаптары болып саналады және дилерлік орталықтардың барлық келушісіне қолданылады.
  2. Дилерлік орталыққа бару арқылы келуші «дилерлік орталыққа келудің осы қағидаларымен»келіседі, оларды қабылдайды және оларды мүлтіксіз сақтауға міндеттенеді.
  3. Дилерлік орталықтың күзет қызметкерлері «Дилерлік орталыққа келу қағидаларының»бұзылғаны туралы хабардар етуге/ескертуге, келушілерден дилерлік орталықтан кетуін сұрауға, сондай-ақ дилерлік орталықтың қызметкерлері мен келушілерінің және/немесе басқа адамдардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ олардың денсаулығының, өмірінің, мүлкінің қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін басқа да қажетті және заңды шаралар қабылдауға құқылы. Қоғамдық тәртіп пен «Дилерлік орталыққа келу қағидаларын» бұзғаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілік көзделген.
  4. Кез келген келуші осы «Дилерлік орталыққа келу қағидаларымен» компанияның ресми сайтында, клиенттік аймақта, ресепшнде немесе дилерлік орталықтың қабылдау аймағында таныса алады.

 


 

Дилерлік орталыққа келу қағидалары_рус
Дилерлік орталыққа келу қағидалары_kaz
Дилерлік орталыққа келу қағидалары_eng