Қаржыландыру

Бавария Шығыс автоорталығы дилерлік орталығының  клиенттері үшін Серіктес-банкпен бірге арнайы әзірленген кредиттеу бағдарламасын пайдалану мүмкіндігін сізге қуана ұсынамыз. Бавария Шығыс автоорталығы ресми дилерлік орталығына келіп, автосалон  менеджерінен кеңес алыңыз, шарттар жаныңызды сүйсіндіреді!

BMW мотоциклдерін сатып алуға арналған
ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ



Ресми дилерлердегі жаңа мотоциклдер мен мінілген мотоциклдерге арналған МОТОкредит бағдарламасы:

Жаңа мотоциклдерге арналған бағдарлама шарттары:

  1. Бастапқы жарна – 20 %-дан бастап
  2. Мерзімінен бұрын өтеу үшін комиссиялар мен айыппұлдар жоқ
  3. Кірісті растамай-ақ мақұлдау
  4. Мотокредит мерзімі – 60 айға дейін
  5. Мотокредиттің бүкіл мерзіміне өмірді сақтандыру және КАСКО
  6. Қарыз алушының жасы өтінім берген сәтте 25-65 жас аралығында болуы керек


Мінілген мотоциклдерге арналған бағдарлама шарттары:

  1. Бастапқы жарна – 40%-дан бастап
  2. Мерзімінен бұрын өтелген жағдайда комиссиялар мен айыппұлдар жоқ
  3. Кірісті растамай-ақ мақұлдау
  4. Мотокредит мерзімі – 36 айға дейін
  5. Мотокредиттің бүкіл мерзіміне өмірді сақтандыру және КАСКО
  6. Қарыз алушының жасы – өтінім берген сәтте 25-65 жас аралығында болуы керек
  7. 7 жылдан аспаған мотоциклдер үшін

 

 

 

 

 

Мотоциклді кредитке не қолма-қол ақшаға алатыныңыз, жаңасын не мінілгенін алатыныңыз маңызды емес, бәлкім, сіз бұрыннан келе жатқан клиентіміз шығарсыз және мотоцикліңіздің зауыттық кепілдігінің мерзімі өтейін деп тұрған шығар? Біз сізге өмірдегі барлық жағдайдан сақтандыруды сатып алып, өзіңізді, туыстарыңызды және өз мотоцикліңізді қауіп-қатерден сақтауды ұсынамыз.

Барлық адам – тәжірибелі жүргізуші де, көлікті жаңа жүргізіп жүрген адам да жолда жайсыз жағдайға тап болуы мүмкін. Ешкім ертең не болатынын болжай алмайды, бірақ сақтандыруды сатып алып, сіз ертеңгі күнге деген сеніміңізді арттырасыз!

 Бавария Шығыс автоорталығы автосалонында сіз автосалоннан шықпай-ақ, бірнеше минут ішінде «бір терезе» қағидаты бойынша АҚЖМ, АҚЖЕ сақтандыру полисін немесе КАСКО рәсімдей аласыз!

 

Лого

- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

- SmartCASCO

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті және ерікті сақтандыру
Әр түрлі тарифтік топтары бар КАСКО сақтандыруы.

 

Сақтандыру бағдарламасы, қысқаша сипаттамасы, бағдарламаның ерекшелігі Серіктес
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру КОММЕСК-ӨМІР
Amanat
«КОММЕСК-КОМФОРТ» ерікті кешенді сақтандыру бағдарламасы:

1. «ПЛЮС» бағдарламасы 

Көлік құралы иелерінің АҚЖМ сақтандыру полисі бойынша сақтандырылған азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туындаған ЖКО-ның салдарынан сақтандырылған КҚ зақымдалуы немесе жойылуы.
КОММЕСК-ӨМІР

2. «БІРЕУДІҢ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҒЫНАН ҚОРҒАНУ» бағдарламасы 

Сақтандырылған КҚ-ның ЖКО салдарынан зақымдалуы немесе жойылуы, оған кінәлі адам – ЖКО орын алған сәтте қолданыстағы АҚЖМ сақтандыру полисі жоқ және Сақтандыру шарты бойынша Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) емес КҚ иесі
КОММЕСК-ӨМІР

3. Жүргізуші мен жолаушыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру бағдарламасы

Сақтандырылушының АҚЖМ полисі бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігі ЖКО салдарынан туындаған сақтандырылған КҚ жүргізушісінің және/немесе жолаушыларының өмірі мен денсаулығына зиян келтіру
КОММЕСК-ӨМІР

4. КҚ иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру бағдарламасы

Сақтандыру төлемі келтірілген зиян мөлшері «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің көрсетілген шекті көлемінен асқан кезде жүзеге асырылады
КОММЕСК-ӨМІР

КАСКО - СТАНДАРТ бағдарламасы

ЖКО, айдап әкету/ұрлау, сыртқы механикалық әсер, химиялық заттардың кездейсоқ сыртқы әсері және (немесе) жоғары температура, табиғат апаттары, үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері, өрт, жарылыс, өздігінен жану, әйнектің зақымдануы жағдайында КҚ сақтандыру
КОММЕСК-ӨМІР
Amanat

КАСКО - ПЛЮС бағдарламасы

Бағдарлама банктен КАСКО сақтандыруы (негізгі шарт) қосылған кредитке рәсімделген КҚ-ға арналған. Каско-Плюс бағдарламасы бойынша сақтандыру сомасы негізгі шарттың өтелмеген бөлігіне, атап айтқанда, кредит бойынша бастапқы жарна сомасына, негізгі шарт бойынша ең жоғары франшиза сомасына және 150 000 теңге сомасындағы амортизацияның болжамды мөлшеріне тең
КОММЕСК-ӨМІР

КАСКО - ЖӨНДЕУ бағдарламасы

Каско-жөндеу бағдарламасы зауыттық кепілдік мерзімі өткен автокөліктерге арналған. Қазақстан Республикасының аумағында өндіруші зауыттың стандартты кепілдігінің қолданылу кезеңі өткеннен кейін орын алған КҚ-ның күтпеген механикалық немесе электрлік бұзылуы (ЖКО салдарынан емес) салдарынан КҚ-ның зақымдануы, жоғалуы немесе толық жойылуы сақтандыру жағдайына жатады 
КОММЕСК-ӨМІР