12 мамыр 2021
Басты бет   /   Жаңалықтар

Жаңа MINI John Cooper Works: көлік жүргізуден алатын экстремалды рақат.

Премиалды шағын модельдер сегментіндегі үздік спорттық автокөлік жинақы дизайнмен, жетілдірілген жабдықтарымен және жаңа операциялық жүйемен эволюцияның келесі деңгейіне өтті.
news

Жаңалығы не?

  • Минималистік дизайн және ойластырылған аэродинамика.
  • Заманауи операциялық жүйесі бар, диагоналі 8,8 дюйм құрайтын жаңа орталық мультимедиа дисплейі.
  • Шанақ бояуының төрт нұсқасы, дөңгелек дискілерінің үш нұсқасы.
  • Жиілікке тәуелді клапандары бар опционалды бейімделетін аспа.
  • Brembo-мен бірге әзірленген жаңа тежеу жүйесі.

Не маңызды?

  • Автокөліктердің алғашқы жеткізілімі 2021 жылдың мамыр айына жоспарланған.

Тура жолда таңдай қақтырады, шұғыл бұрылыстарда көз ілеспейді. Су жаңа MINI John Cooper Works көлігімен жарыс трекінде де, қала көшелерінде де әр шақырым естен кетпес әсер береді. Жарқын дизайнерлік акценттер, заманауи операциялық жүйе мен жетілдірілген стандартты жабдықтау – осы спорттық MINI көлігінің жаңа бейнесі.

Дизайнның ерекшеліктері.

MINI John Cooper Works көлігінің фирмалық қолтаңбасы минималистік дизайн тілінде көрініс тапты. Автокөліктің алдыңғы бөлігінде жаңа жарықдиодты фаралар мен ашық қызыл көлденең жапсырмасы бар радиатордың алты бұрышты торы пайда болды. Үлкейтілген ауа тартқыштар ең ыстық трек күндері қозғалтқыш пен тежегіштердің барынша тиімді салқындауын қамтамасыз етеді. Артқы бамперде дамыған диффузор пайда болды, ол автокөліктің астындағы ауа ағынын реттейді.

John Cooper Works моделінің стандартты жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілерінің өлшемі – 17 дюйм. Опция ретінде диаметрі 18 дюймдік дискілер мен John Cooper Works Circuit Spoke жаңа екі түсті дискілері қолжетімді. Шанақ түстерінің палитрасы Chili Red, Rebel Green (MINI John Cooper Works үшін эксклюзивті) түс реңкінен және Island Blue metallic және Rooftop Grey metallic жаңа нұсқаларынан тұрады.

Негізгі сипаттамалар мен агрегаттар.

MINI John Cooper Works көлігінің жарқын мінезі үшін MINI жарыс тәжірибесін пайдалану арқылы әзірленген төрт цилиндрлі MINI TwinPower Turbo қозғалтқышы жауап береді. Көлемі 2 литр болған кезде ол қуатты 231 а.к. дейін және айналдыру моментін 320 Нм дейін жеткізеді. Алты сатылы механикалық беріліс қорабымен үйлескен хэтчбек жылдамдықты 0-ден 100 км/сағ дейін 6,3 секундта үдетеді, ал опциялы сегіз сатылы автоматтық трансмиссиясы бар Steptronic Sport бар-жоғы 6,1 секундта үдетеді.

Диаметрі 85 мм тоттанбайтын болаттан жасалған екі келте құбыры бар спорттық пайдаланылған газ шығару жүйесі қанық дыбысты қамтамасыз етеді. Ол MINI John Cooper Works моделінің стандартты жабдықтауына кіреді, сол сияқты Brembo-мен ынтымақтастық барысында әзірленген жоғары тиімділікті тежегіш жүйесі де кіреді. Қызыл түске боялған төрт поршеньді бекітілген суппорттары мен желдетілетін дискілері бар қуатты тежегіштер сенімді баяулауды қамтамасыз етеді.

MINI John Cooper Works спорттық аспасы жарыс картымен салыстыруға болатын аңызға айналған басқару реакциясына кепілдік береді. Жоғары маневрлілік жылдам бұрылыстарда да, тығыз қалалық қозғалыста да пайдалы.

Опция ретінде жаңа буынның бейімделген аспасы қолжетімді, оның негізгі ерекшелігі – жиілікке тәуелді клапандар. Олар тербелістің жиілігі мен амплитудасына байланысты өткізу қабілетін өзгертеді, оңтайлы бірқалыпты жүрісті және спорт пен жайлылықтың арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді. Аспаның баптаулары 50-ден 100 миллисекундқа дейін жиілікпен өзгереді, ал оның амортизациялық қасиеттері 10 %-ға өскен.

Жетілдірілген жабдықтау.

Сондай-ақ бейімделетін аспа – John Cooper Works орындауы желісінің бөлігі. Оған интерьер мен экстерьерді Piano Black түсімен әрлеу, сондай-ақ спорттық орындықтарды Dinamica/Leather материалымен қаптау кіреді.

Жаңа MINI John Cooper Works үшін онлайн-сервистердің, жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің және жайлы жүргізу мүмкіндіктерін жетілдіретін жабдық топтамалары ұсынылады. Оларға рульді жылыту, қозғалыс жолағынан шығу туралы ескерту жүйесі сияқты маңызды функциялар (Жүргізу көмекшісі топтамасына кіреді) және тежеу функциясы бар динамикалық круиз-контроль жатады. Автокөліктің артқы бөлігіндегі датчиктері бар тұраққа қойған кездегі апаттық жақындау туралы сигнал беру жүйесі стандартты жабдықтауға кіреді.

Сонымен қатар MINI John Cooper Works әдепкі бойынша диагоналі 8,8 дюймдік сенсорлы дисплеймен және автокөліктің функцияларына, аудиожүйеге және навигацияға қарапайым әрі түсінікті қол жеткізуге көмектесетін жаңа операциялық жүйемен жабдықталады. Виджеттерді экранда заманауи смартфондарға ұқсас етіп жасауға болады. Виджеттердің мазмұны мен орналасу тәртібі жеке бапталады.

Орталық дисплей және цифрлық аспаптар тақтасы үшін Lounge және Sport безендіру схемалары қолжетімді, оларды басқару жүйесінің мәзірінен таңдауға болады.

Түстік безендіру MINI Driving Modes қозғалыс режимдерімен байланысты. Мысалы, Sport режимінде қызыл екпіндері бар түс схемасы педальді басуға, рульді бұруға байланысты өзгереді, ал опция ретінде берілістерді қосуға және аспаның амортизациясына сәйкес өзгереді. Осының арқасында көлік жүргізуден алатын эмоциялар одан да тереңдей түседі.

Техникалық сипаттамалар (жақша ішіндегі цифрлар механикалық беріліс қорабы бар автокөлікке қатысты):

MINI John Cooper Works.

Қуаты: 170 кВт/231 а.к.
0-ден – 100 км/сағ дейін жылдамдықты үдету: 6,1 с (6,3 с).
Ең жоғары жылдамдық: 246 км/сағ (246 км/сағ).
Отын шығыны:
қалада: 7,8 л/100 км (9,3 л/100 км).
қала сыртында: 5,4 л/100 км (6 л/100 км).
аралас: 6,3 л/100 км (7,2 л/100 км).
CO2 шығарындысы: 143 г/км (164 г/км).

 

Басқа жаңалықтар:

news

MINI Vision Urbanaut — автокөлікпен өзара әрекет етудің жаңа тұжырымдамасы

19 қараша 2020

#NEXTGen конференциясында MINI бренді MINI Vision Urbanaut тұжырымдамасын ұсынды.

news

MINI 60 YEARS COLLECTION эксклюзивті сериясы.

16 қаңтар 2019

60 жылдық мерейтойына орай MINI бренді эксклюзивті үлгіні ұсынады. Сыртқы және ішкі кеңістікті безендірудегі бірегей дизайн шешімдері тек түпнұсқалықты ғана емес, сонымен қатар аты аңызға айналған британдық марка автокөлігінің маневрлігін де көрсетуге арналған.

news

MINI Kazakhstan фотобайқауы

19 сәуір 2018

Достар, Қазақстан аумағындағы MINI брендінің ресми импорттаушысы «Бавария автоорталығы» және MINI жүргізушілері отбасы (@minipeople.kz) фотоконкурсты зор қуанышпен жариялайды!