19 қараша 2020
Басты бет   /   Жаңалықтар

MINI Vision Urbanaut — автокөлікпен өзара әрекет етудің жаңа тұжырымдамасы

#NEXTGen конференциясында MINI бренді MINI Vision Urbanaut тұжырымдамасын ұсынды.
news

MINI көпшілікке MINI Vision Urbanaut тұжырымдамасын — автокөліктің ішкі кеңістігін ұйымдастырудың жаңа көрінісін ұсынады. Автокөліктің салоны жол жүру, демалу немесе әңгіме-дүкен құру сәтіндегі қажеттілікке қарай өзгеріп отырады. Жаңа тұжырымдама «MINI күйлері» деп аталады: Chill («Бос ұстау»), Wanderlust («Жаңалық ашу») және Vibe («Өзіңмен оңаша қалу»).

MINI күйлерінің бірін іске қосу шанақтың алдыңғы және артқы бөліктерінің түрін, сондай-ақ дөңгелек дискілерінің түрін өзгертеді. Орындықтардың қалпы, аспаптар тақтасының формасы және орындықтар арқасының орналасуы, хош иіс, дыбыс және салон жарығы өзгереді: Chill күйі автокөлікті оңаша қалу орнына айналдырады, Wanderlust автономды көлік жүргізу жүйелеріне MINI-ді басқаруды сеніп тапсырады, ал Vibe адамдармен және қоршаған ортамен байланыс орнатуға жағдай жасайды. MINI күйлерін орталық үстелдің слотында орналастырылатын MINI токені арқылы басқаруға болады.

Салонға бір үлкен жылжымалы есік арқылы өтуге болады. Интерьердің негізі — икемді орындықтардың төрт орынды үйлесімі. Екі алдыңғы орындық айналады, ал ірі артқы креслолардың арқасы жиналады және бұрылады. Тоқтап тұрған кезде аспаптар тақтасы төмен түседі және жүргізушінің креслосы жұмыс істейтін «тақтайшаға» айналады. Сондай-ақ алдыңғы әйнекті көтеріп қойып, «балконда» отырғандай сезім тудыруға болады. Салонның артқы бөлігі — опционалды жарықдиодты ішкі жарығы, мата жабыны бар қараңғылау және оңаша кеңістік.

MINI Vision Urbanaut көлігінің көп түсті фаралары мен артқы жарықтары әртүрлі түсті суреттерді көрсетеді, ал сегіз бұрышты радиатор торы автономды жүргізу жүйелері датчиктерінің панеліне айналды.

 
Маңызды көз тартатын акцент — «скейтборд дөңгелектері» Ocean Wave көгілдір теңіз суы түсті. Түссіз дөңгелектері ішінен жарқырап, MINI-дің күйіне байланысты сыртқы түрін өзгертеді.
 
 
MINI Vision Urbanaut салоны — материалдарды пайдалануға жауапкершілікпен қараудың бейнесі.

Басты қолданылатын материал — жайлылық, жұмсақтық, сапа мен қолайлылық сезімін беретін инновациялық мата. Бұл ретте MINI Vision Urbanaut моделінде автокөліктер үшін дәстүрлі хром немесе былғары жоқ.

Басқа жаңалықтар:

news

MINI инновациялар мен жарыс мұрасының 65 жылдығын атап өтті

24 желтоқсан 2024

2024 жылғы 26 тамызда MINI алдыңғы қатарлы дизайн мен өнімділіктің нышанына айналып, өзінің 65 жылдық мерейтойын атап өтті. 1959 жылы дебют жасағаннан бері MINI стиль, маневр жасауға ептілік және инновациялық шешімдердің бірегей үйлесімі арқылы бүкіл әлем бойынша жүргізушілердің жүрегін жаулап алды.

news

Түстер мен материалдардың дизайны: көбірек өзгешілік, көбірек заманауилық және көбірек MINI

24 желтоқсан 2024

Жаңа MINI үйірі – бұл мәнге бағытталған және әрбір автокөліктің жеке сипатына баса назар аударатын мүлдем жаңа дизайн тілі. Айқын әрі минималистік концепция жаңартылған интерьерде заманауи және жайлы атмосфера жасайды. Бұл трансформацияға жаңа түстер мен материалдар палитрасы маңызды үлес қосады: инновациялық маталар, жаңа түстер мен өрнектер брендтің фирмалық әсерін қалыптастырып, салонды уақыт өткізуге жайлы кеңістікке айналдырады.

news

Минималистік универсал: жаңа MINI Countryman

24 желтоқсан 2024

Жаңа MINI Countryman – бұл танымал кроссовердің эволюциясы, ол үлкенірек, биік әрі одан да әсерлі болды. Алдыңғы моделінен айырмашылығы – жаңа Countryman биіктігі 6 см-ге және ұзындығы 13 см-ге ұлғайды, сонымен қатар дөңгелек аркаларының ені айтарлықтай кеңейтілді. Бұл қадам минимализм мен функционалдылықты үйлестірген, сенімді және заманауи дизайны бар автокөлікті жасауға мүмкіндік берді.